Әкелер кеңесінің ережесі

Дата: 2016-05-01 11:35:19
Әкелер кеңесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

 1.1. Осы ереже жалпы мектеп бойынша әкелер кеңесінің қызметін регламенттейді.

 1.2. Әкелер кеңесі өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің басқа да заңдарын, қаулылары мен жарлықтарын, ҚР Президентінің жарлықтары мен бұйрықтарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілерін, осы ережені басшылыққа алады.

2. Негізгі мақсаттары

 2.1 Тәрбие үрдісінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтуға жәрдемдесу.

 2.3. Мектептің қызмет ету тәртібіндегі өзгерістер, жаңа енгізілімдер туралы ата-аналарды хабардар ету.

 2.4. Төтенше жағдайларды, күрделі немесе тартысты жағдайларды талқылау.

 2.5. Мектеп өмірінің әртүрлі мәселелері бойынша ата-аналардың пікірін есепке алуды талап ететін шешімдерді қабылдау.

3. Негізгі міндеттері

 Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы:

 3.1. Білім беру мекемесі мен отбасыға оқушыларды тәрбиелеуде жәрдемдеседі.

 3.2. Ата-аналар қоғамын білім беру мекемесінің өміріне, жалпы мектептік іс-шараларды ұйымдастыруға белсене қатысуға тартады.

 3.3. Тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) арасында олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын өткізуге жәрдемдеседі.

 3.4. Білім беру мекемесінің тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) баланың жанұяда жан-жақты тәрбиеленуінің мәнін түсіндіру бойынша жұмыс жасауды ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

 3.5. Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі.

 3.6. Басқа да міндеттерді жүктелген қызметке сәйкес орындайды.

4. Құқықтары

 Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының құқықтары:

 4.1. Басшылыққа және білім беру мекемесінің өзін-өзі басқарудың басқа да органдарына білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және оларды қарастырудың нәтижелері туралы ақпарат алу.

 4.2. Білім беру мекемесінің басшылығынан, өзін-өзі басқару органдарынан білім беру мекемесінің жұмысы туралы ақпаратты алу және тыңдау.

 4.3. Білім беру мекемесімен бірге қызмет ететін басқа да органдардың өкілдерінен білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие, қаржы, шаруашылық үрдістерінің мәселелері бойынша ақпаратты тыңдау және алу.

 4.4. Қарастырылатын өтініштер бойынша түсініктеме беру және шаралар қабылдау.

 4.5. Білім беру мекемесі үшін бюджеттен тыс ақша қаражаттарын тартуға қатысу.

 4.6. Білім беру мекемесінің басшыларының мектептің жұмысы туралы есептерін тыңдау және білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау.

 4.7. Бюджеттен тыс ақша қаражаттарының жұмсалуы туралы есептерді тыңдау.

 Жүктелген қызметке сәйкес басқа да құқықтарға ие.

 

5. Жауапкершілігі

 5.1. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы құрамына кіретін мүшелері атынан жүктелген міндеттердің орындалмауына немесе тиісті түрде орындалмауына жауапты.

6. Жұмысты ұйымдастыру

 6.1. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өзінің құрамынан ата-аналар жиналысының өткізілу уақытында таңдалып алынатын төрағаны (ата-аналар жиналысының кез келген мүшесін), хатшыны таңдап алады.

 6.2. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы мектептің жылдық жоспары бойынша жұмыс жасайды.

 6.3. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының шешім шығару өкілеттігі бар. Шешімдер қарапайым көп дауыс жинау жолымен қабылданады.

 Шешім барлық ата-аналардың назарына жеткізіледі.

 6.4. Шешімдердің орындалуын бақылау ата-аналар кеңесі мен басшыға жүктеледі.

 6.5. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы жылына екі реттен кем емес өткізіледі.

7. Іс-қағаздарын жүргізу

 7.1. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының отырыстары хаттамамен рәсімделеді. Хаттама кітабында отырыста тыңдалатын мәселелердің талқылану барысы, ұсыныстар мен ескертулер жазылады.

 7.2. Хаттамаларға төраға мен хатшы қол қояды. Хаттамалардың нөмірленуі оқу жылының басынан бастап жүргізіледі.

 7.3. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысының хаттамалар кітабының беттері нөмірленіп, бауланып, мектеп директорының қолы қойылып, мөрмен бекітіледі.

8. Өзара қарым-қатынастар

 8.1. Жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өз жұмысында өзін-өзі басқару органдарымен және мектеп директорымен өзара әрекет жасайды.