“Кітап оқитын ұлт”

Дата: 2025-12-09 13:13:39
“Кітап оқитын ұлт”

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-інде мектеп кітапханасында “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында 7 “А” сынып оқушылары Амирханова Мадина  Қасым Қайсеновтың «ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА», Берік Ажар Жюль Верннің «ӘЛЕМДІ 80 КҮНДЕ ШАРЛАУ», Болат Аделина Тәкен Әлімқұлов «ҚАРАОЙ» шығармаларын оқып, өз ойларын, шығармадан алған әсер, құндылықтарымен бөлісті. Олар оқыған туындылар әртүрлі тақырыпта жазылғанымен, бәрі де терең мазмұнды, тәрбиелік мәні зор шығармалар болды. Оқушылар әр кезде кітап оқу арқылы адамзаттың ақыл-ойын, інжу маржанын бойына жинайды. Кітап - барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді, адал азамат шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүниенің бірі болып табылады. Осы орайда, «Кітап оқитын ұлт» жобасы құнды бастамалардың бірі болып отыр. #Адал_азамат