Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 06.10 күні таңғы саптық жиын дәстүрлі түрде өткізілді. Таңғы жиын мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Сонымен қатар, бүгінгі сынып сағаты «Цифрлық әлемде қ

Дата: 2025-10-07 22:20:12

Бұл тақырып оқушыларға интернет пен цифрлық технологияларды қауіпсіз және саналы пайдалану жолдарын түсіндіруге арналған.Жиын оқушылардың құндылықтар негізінде күн сайын ұйымдастырылатын жоспарланған іс-әрекет болып табылады.

Жиында өткен аптаның қорытындысы және кезекшілік атқарған сыныптар «Туған жердей ел болмас, туған елдей ел болмас» тақырыбында дайындаған ақпараттарын ұсынды.

Туған жер әр адамның жан дүниесінің алтын ұясы, жүрегінің түпкіріндегі ыстық сезім. Елдің тыныс тіршілігі, тарихы мен мәдениеті туған жермен тығыз байланысты. Туған жерге деген махаббат, оның табиғатын, адамдарын құрметтеу  ұлттың болашағы мен бірлігінің кепілі.

Туған жерді сүю, оның байлығын қорғау және дамыту әрбір азаматтың парызы. Елді сүймей, оның дамуын ойламайтын адам өз болашағын да сенімді ете алмайды.

Жиын барысында оқушылар туған жердің табиғатын сақтаудың, мәдени мұраларды құрметтеудің маңыздылығын атап өтті. Туған жерге адал болу  туған елге қызмет ету екенін түсіндірді. #Адал_азамат