Размер шрифта:

Адал азамат тәрбиелеуде жауапты ұстаз, тірек ұстаз және қауіпсіз мектеп»

Дата: 2025-09-17 12:20:55
Адал азамат тәрбиелеуде жауапты ұстаз, тірек ұстаз және қауіпсіз мектеп»

11.09.2025 ж. Алғашқы ата-аналар жиналысы 9Б сыныбында «Адал азамат тәрбиелеуде жауапты ұстаз, тірек ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында өтті.

Күн тәртібі:

1. «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасымен таныстыру.

2. Ата-аналар комитетіне сайлау.

3. Басқа

 

Ата-аналар жиналысының мақсаты – баланы дамытудың ортақ мақсатына жету үшін мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуін орнату. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, баланың жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар ету, тәрбиелік-ұйымдастыру мәселелерін талқылау және тәрбиеге қойылатын жалпы талаптарды қалыптастыру.

Кездесу сенім мен ынтымақтастық жағдайында өтті: ата-аналар маңызды сұрақтарға жауап алды, балаларының жетістіктері мен оларды одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Мұндай кездесулер мектеп пен жанұяның бір бағытта – оқушыларымыздың сапалы білім алуы мен бақытты болашағы үшін алға жылжуына септігін тигізеді. #Адал_азамат