Размер шрифта:

"Мектеппен танысу"

Дата: 2025-09-15 15:40:41

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернат"КММ-де мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 1 Б сыныбымен мектеп педагог-психологы "Мектеппен танысу" кездесуін өткізді. Жаңа ереже, жаңа орта, жаңа эмоцияларға толы алғашқы апталары өтті. Оқушылармен мектеп асханасымен, кітапхана,медицина кабинеті және де психологтың кабинетімен таныстырылды. Балалар өте жақсы көңіл- күйде болды.