«Менің Отаным – Қазақстан»
Дата: 2025-09-08 10:08:41
02.09.25 күні «24 мектеп-интернаты» КММ 2 «Б» сыныбында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар ойын түрінде өз Отаны туралы білімдерін белсендірді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы айтып берді, жазғы демалыста барған Қазақстанның есте қалар жерлерін салды. Мемлекеттік мерекелер де назардан тыс қалмады. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясы күні туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Іс-шара өз мақсатына жетті: оқушылар топпен және жекелей белсенді жұмыс жасады.