"Жақсы көңіл-күй"

Дата: 2025-06-05 10:29:13

 "№24 мектеп-интернаты"  КММ 

Күні: 02.06.2025 ж

Бүгінгі лагерлік күн белсенді таңғы жаттығудан басталды. Балалар музыкамен бірге қозғалып, жақсы көңіл күйге бөленді.

Жаттығудан кейін балалар "Жақсы көңіл-күй" туралы мультфильмді тамашалап, оны талқылады. Содан соң, әр бала өз көңіл-күйін сурет арқылы бейнеледі. Бұл жұмыс балалардың эмоциялық әлемін түсінуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Одан кейін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері" тақырыбында викторина ұйымдастырылды. Балалар ту, елтаңба және әнұран туралы білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.

Күннің келесі бөлігінде спорттық эстафета мен қозғалыс ойындары өтті:  

— «Вышибалы»,  

— «Қызған картоп»,  

— футбол,  

— волейбол.  

Ойындар балалардың бірлігін, шапшаңдығы мен ептілігін дамытуға бағытталды.

Сонымен қатар, этноауыл стилінде қызықты ұлттық ойын — «Аңшылар мен қасқырлар» ұйымдастырылды. Бұл ойын балаларға ерекше әсер қалдырды және командалық жұмысқа баулыды.

Күн соңында балалар спорт залда "Қозғалыс" ойынын белсенді ойнады.Бұл балалардың шыдамдылық, сабырлық сақтауды қалыптастыруға үйретеді.

Қорытынды:

Күн өте мазмұнды әрі көңілді өтті. Балалар бір-бірімен достасып, пайдалы ақпарат алды және белсенді демалды. Мұндай күндер балалардың жазғы лагерь өмірін жарқын әрі есте қаларлықтай етеді.

1992 жылы дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді.  4 маусым Қазақстан Республикасы рәміздер күніне орай мектеп әкімшілігімен ұстаздар және кіші қызметкерлер мемлекеттік гимнді бір ауыздан орындап, еліміздің туына бой түзеді. 

Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы.

#рәміздеркүні

#Балқаш_білімбөлімі