«Балалар кітапханасы»
Дата: 2025-05-15 15:18:00
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-інде мамыр айының 14-інші жұлдызында мектеп кітапханасында Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2-11 сыныптарға "Оқыда және өзгеге сыйла " атты кітап айналымы іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап-адамның жан азығы, рухани байлығы, кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөздік мәдениеті жоғары, жан-жақты, адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы кітап екенін ұғындыру.
#Біртұтас_тәрбие