Размер шрифта:

«Мектеп парламент» президенттерінің ұйымдастыруымен, қалалық «TALK LIKE» зияткерлік сайысы өтті.

Дата: 2025-04-18 12:48:52
«Мектеп парламент» президенттерінің ұйымдастыруымен, қалалық «TALK LIKE» зияткерлік сайысы өтті.

«Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК-да 2025 жылы 30 қаңтар күні қала мектептерінің 8-9 сыныптары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Ұшқыр ой алаңы» «Мектеп парламент» президенттерінің ұйымдастыруымен, қалалық «TALK LIKE» зияткерлік сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу. Осы сайысқа мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатысып ІІ орынды иеленіп келді.