Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы»
Дата: 2025-04-09 11:40:15
Биылғы жылы жұмысшы мамандықтарының жылына орай 27 ақпан күні мектебіміздің оқушылары Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлескен іс шаралар өткізді. Мақсаты:«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына» орай оқушылардың мамандықтар туралы білімдерін жүйелеу, сонымен қатар келешекте оқушыларымыз дұрыс мамандықты таңдап өздерінің қалаған мамандықтарына жол ашу. Іс шара барысында оқушыларымыз өз таңдаған мамандықтары бойынша жасаған жұмыстарын таныстырды. Сонымен қатар мектебіміздің кәсіби бағдар беруші маман Жұмағалиқызы К. Жұмысшы мамандықтар туралы ақпарат беріп, ең қажетті мамандықтар туралы пікірлер айтылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.