"№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасының жаңа 2024-2025 оқу жылындағы мектеп асханасының жалпы санитарлық жағдайын, тағамның сапасын тексеру

Дата: 2024-09-11 15:58:40

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасының жаңа 2024-2025 оқу жылындағы мектеп асханасының   жалпы санитарлық жағдайын, тағамның сапасын тексеру мақсатында 09.09.24жылы бракераждық комиссия мүшелері мектеп директоры А.К.Мусина , әлеуметтік педагог С.С.Жумажанова,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.С.Дүйсенбекова  - мен бірге  жоспарға сай тексеріс өтілді.  
Күн тәртібінде:
1.    Асхананың санитарлық жағдайын тексеру
2.    Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы
3.    Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы
4.    Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.
           Бүгінгі ас мәзірі бойынша;
- тауық етінен палау
- салат
- Қ/б наны
- компот

           Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы дайындалған, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған.Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан тарелкалар болды.Су ішетін куллер , сусабын, таза стакандар барлығы талапқа сай бар.
Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді. Ас мәзірі бойынша тағамдар толық болуы ескертілді. Сынған ыдыстардаң болмауын қатаң қадағалау керек екенін айтылды. 
Ұсыныс: Күнделікті ас мәзірін сапалы дайындау, тағамдарды толығымен беру, сынған ыдыстардың болмауын қадағалау.