«Табиғат сенің өз үйің»

Дата: 2024-06-07 13:37:01
«Табиғат сенің өз үйің»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің 
«№24 мектеп-интернаты» КММ 
«Алтын балалық шақ» Халықаралық балаларды қорғау декадасы аясында 
«Табиғат сенің өз үйің» табиғат аясына серуен демалысының ақпараты.
 
        Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ «Балауса» жазғы сауықтыру лагеріннің тәрбиеленушілерімен 5  маусым күні «Табиғат сенің өз үйің» табиғат аясында ойын сабағы  өтті.  
       Әр ұлт пен ұлыстың табиғатты пайдалануда, қорғауда ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлері, нанымдары, құндылықтары болатыны белгілі. Бұл әкенің қанымен, ананың сүтімен ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз дарып отыратын асыл қасиет. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу мақсатында «Балауса» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілерімен «Табиғат сенің өз үйің» тақырыбында табиғат аясында қызықты ойын сабағы өтті. Ойын сабағы барысында биология пәні мұғалімі Аян Қанатұлы оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдырып, мейірбандыққа баулыды, сонымен қатар экологиялық білімдерін молайтып, Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайтынын, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайтынын ескертті, Сонымен қатар табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі екенін, адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым екенін тілге тиек етіп, табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз, өйткені, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалғанын айтып өтті. Экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы оқушылар оқығандары мен білгендерін ортаға салып, «Сұрақ бізден, жауап сізден» атты сайыс түрінде өткен жауаптарға белсене жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті.