Размер шрифта:

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітаптар әлемінде»

Дата: 2024-05-02 13:21:00
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітаптар әлемінде»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде сәуір айының 23-інші жұлдызында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітаптар әлемінде» тақырыбында 5-7 сыныптарға интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, сонымен қатар «Кітап – білім бұлағы, ал білім — өмір шырағы» деген нақыл сөздің өмірден алар орнын бағындырар белестерін оқырман бойына сіңдіру. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Ұлы жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Ендеше, кітап – білімді қару, сондықтан еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық!