«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

Дата: 2024-03-05 15:50:15
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты"КММ-де «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумының аясында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбымен жоспарланған іс-шаралар топтамасы бойынша мектептегі тәрбиелік бағыттағы жұмыстардың нәтижелі жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Ұлдар клубы» мен «Аталар мектебі» мүшелерінің бас қосуымен «Саналы ұрпақ» атты кездесуі болып өтті. Қазақ тілі пәнәнәің мұғалімі Г.С.Смагулованың ұйымдастыруымен өткізілген кездесуге қатысқан мектептің жоғары сынып оқушы ұл балалары мен «Аталар клубының» мүшесі, тарих пәнінің мұғалімі Д.А. Кожаков дәстүрлі қазақ қоғамы мен қазір замандағы аталар институтының әлеуметтік-рухани ролінің айырмашылығы жайлы пікір алмасып, оның өзгерістерге ұшырау себептерін талдап, отбасындағы тәрбиеге ұлттық құндылықтарды тірек етіп алу үшін дәстүрлі аталар ролін жаңғыртып, қалпына келтіру жайлы ойларымен де бөлісті.