2023-2024оқу жылының «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды» тақырыбындағықыздар жиналысы

Дата: 2024-03-05 13:40:44

2023-2024оқу жылының «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды» тақырыбындағықыздар жиналысының өтілуі туралы анықтама 

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Ақпан айының 15 күні мектебіміздің акт залында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, қыздарымыз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.М.Кулымжанова  мен мектеп-интернатының  медбикесі Бажбенва А.Ккөптеген толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты