«Өлкетану» мұражайына саяхат

Дата: 2015-06-08 07:02:48
«Өлкетану» мұражайына саяхат

Маусым айының 3 жұлдызында «Балауса»жазғы демалу лагеріндегі балалар қаладағы  «Өлкетану» мұражайына саяхатқа барды. Онда олар өздерінің туған өлкесі туралы, жануарлар, аңдар , құстардың түрлерімен, қазақ халқының  жиһаз , киім-кешек түрлерімен танысты. Таныстырушы қызметкерлердің арқасында көптеген  мәліметтер  алды. Ұлы Отан соғыс кезінде қолданған қару-жарақтармен танысты. «Өлкетану» қызметкерлері дайындаған  қазақтың ұлттық ойындары «Теңге алу», « Арқан тартыс»ойынын  ойнады.  Ойын өте қызықты да,тартысты  өтті. Бүгінгі күн балалар үшін өте көңілді өтті.Олар үйлеріне жақсы көңіл күймен қайтты. Бүгін. 2-ші  маусым күні «Мақал-мәтелдерден»жарыс қйымдастырылды. Балалар  «Балбөбек» және  «Балдәурен» тобы болып екіге бөлінді. Олар кқбінесе; Отан, Достық, Отбасы, Оқу-білім туралы мақал-мәтелдерді айтудан жарысты. «Балдәурен» тобы өздерінің білімділігімен көзге түсті.Олар  тез ойлауы, шапшаңдылығымен ерекшеленді.