Педагог-психологтың лауазымдық нұсқаулығы

Дата: 2023-12-05 11:11:58

 

 

Педагог-психологтың лауазымдық нұсқаулығы

 

1.      Жалпы ережелер

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №169 бұйрығы, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі “Білім туралы” №319 заңы, мектеп жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті нормативтік актілері негізінде жасалды.

 

2.      Негізгі міндеті:

Педагог-психолог бұл қызметке директоры тарапынан қабылданады және босатылады.

Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

 

3.      Квалификациялық талаптар:

Критерилер

Талаптар

Білімі

"Психология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған кезде педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.

Білуі тиіс

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру;

жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар мен жас ерекшелік әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматикасы;

дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім беру және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактика;

белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері, жеке және топтық консультацияның заманауи әдістері;

баланыңдамуындиагностикалаужәнетүзету;

еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері

Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).

Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.

Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.

Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

Инклюзивті білім беру қағидасын дамытады.

Білімалушылар мен тәрбиеленушілерарасындакиберкультура мен кибергигиенаныдамытады.

Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді

Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.

Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады.

Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.

Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

 

4.      Құқығы:

Педагог-психолог мыналарға құқылы:

-            басқару ісіне қатысуға, өзінің кәсіби абыройы мен намысын қорғауға;

-            оқыту және тәрбие беру әдістемелерін, бекіткен бағдарламаларға сәйкес оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды еркін таңдап алуға;

-            өз қызметінің мәселелері бойынша директорының қарауына ұсыныстар ендіруге;

-            басшылығы мен мамандарынан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттар алуға;

-            лауазымдық міндеттерін орындауға басшылығынан көмек көрсетуді талап етуге;

-            еңбек қорғау талаптарына сай жұмыс орнымен қамтамасыз етілуге, жұмыс берушіден жұмыс жағдайлары туралы нақты ақпараттар алуға;

-            кәсіби біліктілігін көтеруге, аттестациядан өтуге.

 

5.      Жауапкершілігі:

Педагог-психолог мыналарға жауап береді:

5.1. Осы нұсқаулықта қарастырылған өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, келтірген материалдық залалы үшін қолданыстағы  ҚР еңбек Кодексіне сәйкес.

5.2. «Педагог мәртебесі туралы» заңының 15 бап, 1 бөлім, 10 тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлау қажет.

5.3. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады. 

5.4. Өз лауазымдық қызметін атқару (атқармау) кезінде мекемеге келтірген залалы немесе оқу процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін мұғалім еңбек және (немесе) азаматтық заңнамаларда белгіленген көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.

 

6. Өзара қарым-қатынас және лауазымы бойынша байланыстар

6.1. Өзара әрекеттестікте жұмыс жүргізеді:

-  педагогикалық кеңесімен;

-  директордың орынбасарларымен;

-  мұғалімдерімен;

-  мектептің медициналық , әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарымен;

-  хатшы-іс қағаздарын жүргізушімен;

-  кітапхана меңгерушісімен;

6.2.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарымен, кафедралардың және әдістеме бірлестіктерінің меңгерушілерімен жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

6.3.  Сағаттық жұмыс аптасы бойынша жасалған кестеге сәйкес нормаланбаған жұмыс режімінде еңбек етеді.

6.4.  Өз жұмысын әр оқу жылы мен оқу тоқсанына арнап, жоғары тұрған орындар жоспарларына қарай дербес жоспарлайды.

6.5.  Директорға қажетті ақпараттық және есеп беру құжаттамаларын уақтылы ұсынып отырады.

6.6.   Директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.7.   Қызметкерлеріне жүйелі түрде олардың құзырына кіретін білім беру қызметі  мәселелері бойынша ақпараттар беріп отырады.

6.8.  Директорын оқушылар мен қызметкерлердің өміріне, денсаулығына қатысты орын алған барлық төтенше жағдайлар жайлы хабардар етіп отырады.

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                                              

Кәсіподақ ұйымының                                           

төрайымы  _________                                            

«___» _______ 2022 ж.

 

 

Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:

_________________ /

________________

«___» _______ 2022 ж.