Әлеуметтік педагог Жумажанова Салтанат Сериковнаның лауазымдық нұсқаулығы

Дата: 2023-12-05 11:11:07

 

 

 

Әлеуметтік педагог Жумажанова Салтанат Сериковнаның

лауазымдық нұсқаулығы

 

1.     Жалпы ережелер

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №169 бұйрығы,  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі “Білім туралы” №319 заңы, мектеп жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және «Балқаш қаласы «№24 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті нормативтік актілері негізінде жасалды.

1.1.         Әлеуметтік педагог  қызметке мектеп директоры тарапынан тағайындалады және босатылады.

1.2.         Кезекті еңбек демалысына шыққанда немесе  уақытша  еңбекке жарамсыздық жағдайында болғанда оның міндеттерін директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасарларына  немесе тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарларына жүктелуі мүмкін.  Мұндай  жағдайларда  міндеттерді  уақытша атқару мектеп директорының   ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып  шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.4. Әлеуметтік педагог, әдетте, жоғары педагогикалық  білім және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиіс.

1.5. Әлеуметтік педагог тікелей мектеп директорына бағынады.

1.6. Әлеуметтік педагогқа педагогикалық қызметкерлер мен оқушылар тікелей бағынады.

1.7.Білуге тиісті:

-  Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" зандарын және басқа да білім беру ісін дамыту бағыттары мен

перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;    педагогика мен психология негіздерін;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;

          - еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;

 - санитарлық ережелер мен нормаларды;

- ҚР Еңбек кодексін.

2. Функциялары

  Әлеуметтік педагогтың  атқаратын негізгі кызмет бағыттары мыналар болып табылады:

  2.1. Оқушылардың  тұлғалық әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын зер салып бақылайды.

  2.2. Оқушылардың қызығушылықтарын, талап-тілектерін, қиындықтары мен проблемаларын, конфликтілі жағдайларын анықтайды және оларға дер кезінде әлеуметтік көмек жасап, қолдау көрсетеді.

    2.3. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз етеді.

3.Лауазымдық міндеттері

-         Тәртібі нашар балалармен жұмыс жүргізуді жоспарлайды және іске асырады;

-          «қатер тобындағы», берекесіз және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушылармен, ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

-         Қажетті құжаттаманы әзірлеп, жүргізуді жүзеге асырады;

-         Ата-аналар үшін ағарту жұмысын ұйымдастырады, олармен оқушыларды әлеуметтендіру мәселелері жұмысын жүргізеді;

-         Оқушылар мектеп Жарғысы мен Білім алушылар тәртібінің ережелерін сақтауын бақылайды;

-         Оқушылардың күн тәртібін сақтауын бақылау мақсатында үйлеріне барып тұрады және т.б.;

-         Кәмелетке толмаған оқушылар  арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмыстарын ұйымдастырады;

-         «Мектепке жол» ақциясын  ұйымдастырып, жүргізілуін қадағалайды.

-          құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға міндетті

4. Құқықтары

Әлеуметтік педагог  өз құзіреті аясында мыналарға құқылы :

 4.1. Дамыту бағдарламасын әзірлеу ісіне қатысуға.

 4.2. Оқу-тәрбие үдерісін  жетілдіру мәселелеріне байланысты ұсыныстар ендіруге.

 4.3. Оқушылар ата-аналарымен және оларды алмастыратын тұлғалармен байланыс орнатуға.

4.4. Оқушыларды оқу үдерісінде кері ықпал ететін қылықтары үшін мектеп Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға.

         4.5. Өз біліктілігін арттыруға.

 

    5. Жауапкершілігі

5.1.Мектеп  Жарғысы мен  Ішкі еңбек тәртібі  ережелерін, мектеп директорының бұйрықтары мен осы нұсқаулықта көрсетілген лауазымдық  міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындамағаны  немесе тиісінше орындамағаны , оның ішінде өзіне берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін әлеуметтік педагог еңбек заңнамасында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

  5.2.Оқушының жеке басына  тәрбиенің күштеу және(немесе) психикалық қысым жасау әдісін бір рет те болса қолданғаны үшін әлеуметтік педагог ҚР еңбек заңнамалары мен «Білім беру» туралы заңына сәйкес жұмыстан босатылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер үшін жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табалмайды.

5.3.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасаудың жол берілмеуі туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау.

5.4.«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) фактілері туралы қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты оған белгілі болған.

5.5.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      6.Өзара-қарым-қатынас және лауазымды бойынша байланыстар

Әлеуметтік педагог:

6.1. Сағаттық жұмыс аптасы негізінде  жасалған график және мектеп  директор бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

6.2 Әрбір оқу жылына,  әрбір оқу тоқсанына арналған өз жұмысын өзі жоспарлайды. Жұмыс жоспарын мектеп директоры жоспарлы кезең басталған соң 5 күннен қалдырмай бекітеді.

6.3. Мектеп директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.4. Мектеп директорымен және қызметкерлерімен өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

 

КЕЛІСІЛДІ:

Кәсіподақ ұйымының

төрайымы________

«____»_______ 2021ж.

Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:              

«____»____  2021ж                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

ЖББ№16лингвистикалық

бағыттағы  орта  мектебінің директоры  _____________

                                        «___» ________ 

 

 

Әлеуметтік педагог Махашова Гулим Нуркенкызының

лауазымдық нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

1.3.         Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 –VЕңбек Кодексі, 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңы, мектеп Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері, жергілікті нормативтік актілер негізінде әзірленді.

1.4.         Әлеуметтік педагог  қызметке мектеп директоры тарапынан тағайындалады және босатылады.

1.5.         Кезекті еңбек демалысына шыққанда немесе уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында болғанда оның міндеттерін директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасарларына немесе тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарларына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді  уақытша атқару мектеп директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып  шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.4. Әлеуметтік педагог, әдетте, жоғары педагогикалық  білім және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиіс.

1.5. Әлеуметтік педагог тікелей мектеп директорына бағынады.

1.6. Әлеуметтік педагогқа педагогикалық қызметкерлер мен оқушылар тікелей бағынады.

1.7.Білуге тиісті:

-  Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" зандарын және басқа да білім беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;        педагогика мен психология негіздерін;

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;

          - еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;

 - санитарлық ережелер мен нормаларды;

- ҚР Еңбек кодексін.

2. Функциялары

  Әлеуметтік педагогтың  атқаратын негізгі кызмет бағыттары мыналар болып табылады:

  2.1. Оқушылардың  тұлғалық әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын зер салып бақылайды.

  2.2. Оқушылардың қызығушылықтарын, талап-тілектерін, қиындықтары мен проблемаларын, конфликтілі жағдайларын анықтайды және оларға дер кезінде әлеуметтік көмек жасап, қолдау көрсетеді.

    2.3. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз етеді.

3.Лауазымдық міндеттері

-         Тәртібі нашар балалармен жұмыс жүргізуді жоспарлайды және іске асырады;

-         «қатер тобындағы», берекесіз және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушылармен, ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

-         Қажетті құжаттаманы әзірлеп, жүргізуді жүзеге асырады;

-         Ата-аналар үшін ағарту жұмысын ұйымдастырады, олармен оқушыларды әлеуметтендіру мәселелері жұмысын жүргізеді;

-         Оқушылар мектеп Жарғысы мен Білім алушылар тәртібінің ережелерін сақтауын бақылайды;

-         Оқушылардың күн тәртібін сақтауын бақылау мақсатында үйлеріне барып тұрады және т.б.;

-         Кәмелетке толмаған оқушылар  арасында құқық бұзушылықтың алдын –алу жұмыстарын ұйымдастырады;

-         «Мектепке жол» ақциясын  ұйымдастырып, жүргізілуін қадағалайды.

 

4. Құқықтары

Әлеуметтік педагог  өз құзіреті аясында мыналарға құқылы :

 4.1. Дамыту бағдарламасын әзірлеу ісіне қатысуға.

 4.2. Оқу-тәрбие үдерісін  жетілдіру мәселелеріне байланысты ұсыныстар ендіруге.

 4.3. Оқушылар ата-аналарымен және оларды алмастыратын тұлғалармен байланыс орнатуға.

4.4. Оқушыларды оқу үдерісінде кері ықпал ететін қылықтары үшін мектеп Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға.

  4.5. Өз біліктілігін арттыруға.

 

    5. Жауапкершілігі

 

5.1.Мектеп Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, мектеп директорының бұйрықтары мен осы нұсқаулықта көрсетілген лауазымдық  міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны , оның ішінде өзіне берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін әлеуметтік педагог еңбек заңнамасында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.2.Оқушының жеке басына  тәрбиенің күштеу және(немесе) психикалық қысым жасау әдісін бір рет те болса қолданғаны үшін әлеуметтік педагог ҚР еңбек заңнамалары мен «Білім беру» туралы заңына сәйкес жұмыстан босатылуы мүмкін. Мұндай әрекеттер үшін жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табалмайды.

 

6.Өзара-қарым-қатынас және лауазымды бойынша байланыстар

Әлеуметтік педагог:

6.1. Сағаттық жұмыс аптасы негізінде  жасалған график және мектеп  директор бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

6.2 Әрбір оқу жылына,  әрбір оқу тоқсанына арналған өз жұмысын өзі жоспарлайды. Жұмыс жоспарын мектеп директоры жоспарлы кезең басталған соң 5 күннен қалдырмай бекітеді.

6.3. Мектеп директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.4. Мектеп директорымен және қызметкерлерімен өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                                       

Кәсіподақ ұйымының                             

төрайымы  _________                  

Сьезбек  Жания                    

«___» _______ 2020 ж.

 

Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:

(екі дана жасалып, бір данасы мұғалімге берілді.)

_________/А.Е.Қалқаман       

 «____»_______ 2020ж.