Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы

Дата: 2023-12-05 10:05:24

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26513 болып тіркелді.

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов

 

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 12 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
қосымша

     

 Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1. Жалпы ережелері

       1. Осы Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тәртібін реттейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

       1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;

      2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);

      3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;

       4) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет.

 2. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тәртібі

      3. Психологиялық-педагогикалық қолдап отыруға:

      1) тәрбиеленушінің/білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және бағалауды;

      2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар педагогтер мен тәрбиеленушінің/білім алушының отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуді;

      3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасауды қамтиды.

      4. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды қамтамасыз етуді білім беру ұйымының педагогтері мен мамандары жүзеге асырады.

      5. Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру:

      1) мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және отбасы ішілік қарым-қатынастар) бар;

      2) әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық немқұрайлылығы, жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар) бар;

       3) даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік бұзылыстар) адамдардың (балалардың) білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде жүзеге асырылады.

      6. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (бұдан әрі – ПМПК) ұсынымдарының негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды сабақ барысында тәрбиешілер/педагогтер, сондай-ақ арнайы педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-ассистенттер, топтық сабақтарды ұйымдастыру негізінде жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) санаттарын психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды тәрбиешілер/педагогтер сабақтар, факультативтік, пәндік үйірмелер мен қосымша сабақтар барысында жүзеге асырады, сондай-ақ педагогикалық психологтар, әлеуметтік педагогтер арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде педагог-психологпен және әлеуметтік педагогпен бірлесіп жүзеге асырады.

      7. Психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың мазмұны келесі әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайларды қамтиды:

      1) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын бейімдеу немесе жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын құрастыру түріндегі оқу жоспарлары мен оқу жоспарларына өзгерістер енгізу;

      2) оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерінің өзгеруі (оқушының жетістігі). Бағалау әдістері өзгерген кезде бақылау тапсырмалары мен бағалау критерийлері білім алушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып және жүзеге асырылатын оқу бағдарламасының мазмұнын ескере отырып таңдалады;

      3) вариативті, арнайы және баламалы оқыту әдістерін қолдану. Оқыту әдістерін қолдану формасы немесе әдісі білім алушының жеке ерекшеліктеріне (тапсырмалардың көлемін, санын азайту, тапсырмаларды орындау уақытын қысқарту немесе ұлғайту, оқу тапсырмаларын жеңілдету, қысқа және қадамдық нұсқауларды қолдану, тапсырмаларды дауыстап айту, тапсырма үлгілерін, кестелерді, анықтамалық материалдарды және т.б. ұсыну). Баламалы оқыту әдістері мен технологиялары белгілі бір психикалық функциялардың (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылуынан туындаған нақты оқу қиындықтары бар оқушыларға қатысты қолданылады. Оқытудың балама әдістері мен технологиялары педагогикалық психологтар мен арнайы педагогтардың жеке дамыту жұмыстарында (жаһандық оқу әдісі, "Нумикон" әдістемесі бойынша санау жаттығулары, Монтессори жүйесі) қолданылады.

      4) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды таңдау, жеке оқу-әдістемелік кешендерді дайындау. Көру қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы оқулықтар, жұмыс дәптерлері және басқа оқу құралдары қолданылады (үлкен баспа кітаптары; зағиптарға арналған Брайль қарпімен басылған оқулықтар; рельефтік сызбалар, диаграммалар, арнайы муляждар), тірек-қимыл аппараты (үлкен әріптермен жазылған рецепттер), есту (символдарды пайдаланатын оқулықтар (қолмен сөйлеу); субтитрлері бар бейнелер; оқу компьютерлік бағдарламалар), ақыл-ой кемістігі. Сәйкес үлгідегі арнайы мектептер үшін шығарылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер;

      5) оқыту формасын таңдау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу: жалпы білім беретін топта/сыныпта, жалпы білім беретін ұйымның арнайы тобында/сыныбында немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымда, арнайы мектепте (ата-анасының келісімімен және ПМПК, үйде (дәрігерлік консультациялық комиссияның (ВКК) қорытындысы бойынша);

      6) кедергісіз орта құру және білім алушылардың білім беру ұйымына физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін оқу орнын бейімдеу: 1) қозғалысы шектелген (мектепке тасымалдау, пандустар, қоршаулар, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған кабинет) орын (үстел, орындық), жалпы аумақтар (дәретхана, асхана), 2) көру қабілеті нашар (соқырлар, нашар көретіндер): тактильді жолдар, тактильді индикаторлар, қоршаулар, 3) есту қабілеті нашар (көру) үстелдер, дыбыс күшейтетін жабдық). Оқу орнын бейімдеу оқу ортасын оқушының жеке ерекшеліктеріне (дене ерекшеліктері (есту, көру): мінез-құлық ерекшеліктері) бейімдеуді көздейді;

       7) "Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32984 болып тіркелген) сәйкес алынған мүмкіндігі шектеулі (тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар) білім алышулар үшін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдалану.

       Арнайы жағдайлар жасау үшін білім беру ұйымдары техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, дамыту құрал-жабдықтарын "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес сатып алады және пайдаланады.

      8) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау (психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент) ПМПК қорытындысы мен ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру білім беру ұйымының Жарғысына, білім беру және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, осы Қағидаларға, білім беру ұйымы мен ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) ата-анасы арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру педагогтері білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің құрамына кіреді, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады.

      9. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды қамтамасыз ету екі кезеңнен тұрады:

      Бірінші кезең:

      Жалпы білім беру ұйымының басшысы психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды ұйымдастыру туралы ережені шығарады және бекітеді, психологиялық-педагогикалық қолдап отыру жөніндегі мамандардың құрамы мен міндеттерін бекітеді, педагогтер мен мамандардың кәсіби өсуі үшін пәнаралық негізіне жағдай жасайды.

      Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін бағалау процесін ұйымдастырады, білім беру қажеттіліктерін бағалау кезеңінде және тәрбиеленушілерді/білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыру процесінде тәрбиешілер/педагогтер, мамандар және ата-аналардың өзара іс-қимылын реттейді, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын мамандардың құжаттамасын жинау мен қалыптастыруды бақылау.

      Сынып жетекшілері пән мұғалімдері мен ата-аналардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады, білім беру ұйымының әлеуметтік педагогтерімен бірлесе отырып баланың дамуының әлеуметтік жағдайын зерттейді, сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта қолайлы эмоционалдық-психологиялық климатқа жағдай жасайды.

      Білім беру ұйымының тәрбиешілері білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруінде қиындықтарды анықтау мақсатында оқу жетістіктерін бақылайды, кәсіптік этиканы және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жеке ерекшеліктеріне байланысты құпиялылықты сақтайды, қажет болған жағдайда білім беру ұйымның психологтарынан, әлеуметтік педагогтерден немесе арнайы педагогтерден кеңес алады.

      Екінші кезең:

       Білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе ПМПК ұсынымы негізінде білім беру ұйымының басшысы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың жеке бағдарламаларын, оның ішінде жеке оқу жоспарларын, жеке/бейімделген білім беру бағдарламаларын, мамандардың жеке дамыту бағдарламаларын, ерекше қажеттіліктері бар адамадардың (балалардың) тізімін бекітеді.

      Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары психологиялық-педагогикалық қолдап отыру процесін ұйымдастырады және бақылайды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру жеке бағдарламасын жасауға, қолдап отырудың нәтижелерін, тәрбиеленушінің даму динамикасын, оқушының жетістіктерін талқылауда қатысады, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды/білім алушыларды сабақтан тыс және бос уақытындағы іс-шараларға қосады, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) жеке қолдау процесінің тиімділігін арттыру мақсатында білім беру ұйымында педагог-ассистенттерді ротациялауды жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымының педагогтері оқу бағдарламаларын бейімдейді, оқу процесін дараландырады және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жетістіктерін бағалайды, білімдеріндегі, біліктеріндегі, дағдылардағы олқылықтарды толтырады, оқулықтарды, оқу материалдарды таңдайды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) даму жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырады, физикалық, психикалық және моральдық денсаулығын сақтау мақсатында сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда эмоционалдық жайлылық атмосферасын құрады.

      Педагог-ассистент ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) сабақта және өз бетінше оқу іс-әрекетінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау қабілетін жеке қолдау арқылы қалыптастыруға көмектеседі. Психофизикалық дамуы мен мінез-құлқы бұзылған білім алушыларға тұрақты негізде педагог-ассистент қызметтерін көрсету ПМПК ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.

      Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру кеңесінің шешімімен мінез-құлқында жеңіл ақаулары бар және сабақта бейімделуінде қиындықтары бар оқушыларға көмекші мұғалімнің қызметі тек бір тоқсанға ғана көрсетіледі. Педагог-ассистенттің көмегіне бұдан әрі қажеттілік ПМПК қорытындысы мен ұсынымы бойынша тағайындалады.

      Педагог-психологтың немесе әлеуметтік педагогтың көмегіне мұқтаждық білім беру ұйымындағы психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың бағалауымен анықталады.

      Арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктерін бағалауға, психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың жеке бағдарламаларын, оның ішінде жеке оқу жоспарларын, жеке/бейімделген оқу жоспарларын, жеке даму бағдарламаларын дайындауға қатысады және жүзеге асырады, жеке, топтық, кіші топтық дамыту сабақтарын жүргізеді.

      10. Кіші топтық (2-4 бала), топтық (6-8 бала) сабақтарын өткізу үшін арнайы педагогтер жеке әзірленетін бағдарламалардың жалпы мазмұны принципі бойынша ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) біріктіреді. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін аптасына жеке, топтық, топтық сабақтардың саны олардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып белгіленеді.

       11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір жас тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығына айқындалады және орта білім беру ұйымында – 45 минутты құрайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мінез-құлық бұзылыстары бар 4-6 бала болған жағдайда сабақтар қазіргі заманғы әдістерді, технологияларды және әдістерді (оның ішінде мінез-құлықты қолданбалы талдау принциптеріне негізделген) пайдалана отырып, қиын мінез-құлықтан өтуге бағытталған арнайы жабдықталған кабинетте (кабинетте) өткізіледі.

      13. Жеке, топтық, топтық сабақтарды өткізу үшін мамандар кабинеттері құрал-жабдықтармен және оқу-дидактикалық материалдармен жабдықталады.

      14. Балаға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың көлемі мен мазмұны оқу жылы ішінде бірнеше рет жүргізілетін арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалауға сәйкес келеді.

      15. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасау үшін білім беру ұйымдарында арнайы топтар/ сыныптар құрылады.

      16. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру, оның ішінде білім беру қажеттіліктерін психологиялық-педагогикалық бағалау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен келесі жылдың 25 мамырына дейін жүзеге асырылады.

      17. Психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету процесін бақылауды білім беру ұйымының әкімшілігі нормативтік құқықтық актілердің, білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттерінің негізінде жүзеге асырады.

       18. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның психологиялық-педагогикалық қолдап отыру педагогтерінің нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты, орта білім беру ұйымында - аптасына 16 сағатты құрайды.

      Педагог-ассистенттерге ай сайынғы тарифтік ставкалар (лауазымды лауазымдық жалақылар) апта сайынғы нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес төленеді және олардың баланы астрономиялық сағаттарда алып жүруге кеткен жұмыс уақытының құнына қарай белгіленеді. Сабақтар арасындағы қысқа үзілістер (үзілістер) педагог-ассистенттің жұмыс уақыты болып табылады.

      Жалпы білім беру ұйымындағы логопед (логопед), психолог (педагог-психолог), арнайы педагог (дефектолог) 1 лауазымына шаққандағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) саны 12-14 баладан аспайды.

      19. Педагогтердің қызметін үйлестіру және психологиялық-педагогикалық қолдап отыру бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін жалпы білім беру ұйымдарының базасында білім беруді басқару органының бұйрығымен облыстық (қалалық, аудандық) инклюзивті тәжірибені дамыту және тәжірибе алмасу ресурстық орталықтары құрылады.

      20. Білім беру процесінің қатысушылары білім беру ұйымының әкімшілігі, педагогикалық ұжымы (педагогтер, тәрбиешілер, психолог (педагог-психолог), логопед (педагог-логопед), арнайы педагог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент), басқа да қызметкерлер, тәрбиеленушілер/білім алышулыр, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) және олардың ата-аналары (заңды өкілдері) болып табылады. Білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасы оқытуды/тәрбиені ізгілендіру қағидаттары мен ұжымдық көзқарасқа негізделген.

       21. Әкімшілік ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды ұйымдастыру мен сапасына, оқу үдерісіне барлық қатысушылардың толерантты мінез-құлық мәдениетіне негізделген қауіпсіз және психологиялық жайлы ортаны қамтамасыз етуге, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар туралы жеке ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

       22. Білім беру ұйымдарының психологтары, педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда тиісті кәсіптік-педагогикалық даярлыққа ие, осы Қағидаларға, "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген), мектеп жарғысына, ата-аналармен (заңды өкілдермен) келісім-шартқа сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды және балаларды кәсіби деңгейде оқытуды/тәрбиелеуді жүзеге асырады.

      23. Әкімшілік пен оқытушылар:

      1) эксперименттік жұмыс, педагогикалық тәжірибеге психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің жаңа әдістері мен технологияларын енгізеді;

      2) тәрбиеленушілердің/білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдайды;

      3) білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының жұмысына қатысады;

      4) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру мәселелері бойынша біліктілікті арттырады;

      5) санатты жақсарту мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді;

      6) психологиялық-педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, наградалар және жеке шәкіртақылар түріндегі моральдық және материалдық көтермелеуді алады.


 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК