Размер шрифта:

Егер балаңыз өтірік айтса...

Дата: 2012-11-13 06:03:39

 

Егер балаңыз өтірік айтса...

 

-         Қандайда болмасын балаңызды сол күйінде жақсы көріңіз.

-         Балаңызды шыншылдыққа үйрету үшін бірінші өзіңіз шыншыл болыңыз. Бала өтірік айтумен сіз келіспейтініңізді түсінсін, үндемей қалу да өтірік айтқанмен бірдей білсін.

-         Сіздің қарым-қатынасыңыз жақын болоғанда? Ол өзіне деген өтірік айтқысы келетін сезімдері мен ойлары пайда болады.

-         Жиі мақтаңыз, баланың көңілін көтеріңіз, жақсы істерін марапаттаңыз.

-         Егер баланың өтірік айтқанын сезсеңіз, баламен ашық сөйлесу арқылы өтірік айтудың мақсаты неде екенін аңғарыңыз.

-         Өтірік айтудың арны мына мәселелерге әкеліп соғады:

Мақтау үшіне не үлкендердің өзіне деген махаббатын иелену үшін.

Өзінің кінәсін жасыру үшін.

Жазалаудан қашу үшін.

Өтірік айту арқылы қастасуды шешу.

-         Өтірік айтудың себебін білген болсаңыз балаңыздың мәселесін шешуге көмектесіңіз.

-         Өзінің өтірік айтқаны жөнінде кінәсін мойындап өзіне баға бере білсе жазаламаңыз.

-         Баланың өзін-өзі бағалауын түсірмеу, сізге байланысты екенін ұмытпаңыз.

 

Егер баланың бойын үрей билеп қорқыныш сезінсе!

-         Балаңыз қандай болса сол бетінше қабылдап, оның өзгеруіне мүмкіндік беріңіз.

-         Сіздің балаңызсабырлық пен мейірімділікті үнемі сезінуі керек.

-         Үрейлі эм оцияға беріле бермей болып жатқан жағдайлардың барлығына «жылы көз қараста» қарап, туындаған мәселеге зер салып баланы дұрыс тыңдап отыру қажет.

-         Қорқыныш пен үрейіне түсінікпен қараңыз,; күлуші болмаңыз, күшпен қорқынышпен жоя алмайсыз.

-         Шыдамды болыңыз. Егер ештеңе көмектеспесе балаға өзімен қатарлас құбылас ретінде қатынасыңыз.

-         Баланы қоршаған мазасыздандыратын және тітіркендіретін адамдардан аулақ ұстаныңыз.

-         Балаға қорқынышты үрей тудыратын оқиғаларды әңгімелерді кешке түгілі күндіз де айтушы болмаңыз. Газет журналдағы күнделікті болып жатқан жан түршігерлік мақалаларды оқып бермеңіз. Қорқынышты кинофильмдерді көрсетпеуге тырысыңыз.

-         Баланы басқадай көңіл көтерілетін іспен шұғылдануын қадағалап отырыңыз.

-         Алдын-ала болатын жағдайды баламен ойнап көріңіз. Қоздыратын үрейдің неден, неге себебін анықтап жан-жақты түсініп балаға түсіндіре білу керек.

-         Шыдамды болыңыз, лезде қорытынды шықпайды, сіз үшін өте қиынға түседі.

-         Егер балада қорқынышты үрей қайтпай қойса жағдайда мамандарға барыңыз.