«Алғыс айту күні»
Дата: 2023-08-18 09:10:00
Қарағанды облысының білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында «Мен ризамын!» Челленджді мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысушылар кеңесшінің жетекшілігімен өткізді.
Мақсат:
[ ] Балаларды құрбыларымен сенімді қарым-қатынасқа баулу, айналасындағы адамдардың, достарының жағымды жақтарын байқап, бағалай білу қабілеттерін дамыту;
[ ] Жанашырлық, эмпатия қабілеттерін дамыту;
[ ] Күнделікті өмірде мейірімділік пен ризашылық әдеттерін дамыту.
Мектеп парламентінің оқушылары басқалармен алғыс айтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп, ұстаздарымызға еңбектері, шыдамдылығы мен жомарттығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Қазақстан халқы бұл мерекені алғаш рет 2016 жылы атап өтті. Содан кейін Қазақстан Президенті 2016 жылдың 14 қаңтарын Қазақстан халықтары Ассамблеясының күні, 1 наурыз – Алғыс айту күні деп жариялады.