"Этно-ауыл".

Дата: 2023-06-05 16:58:48

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-де "Этно-ауыл"лагерь ауысымының ашылуына орай салтанатты іс-шара өтті. Ашылу музыкамен таңертеңгілік жаттығудан басталды. Қатысушылар осы бағыт бойынша ұлттық тұрмыстық заттармен және шығармашылық жұмыстармен танысты. Содан кейін оқушылармен ашық спорттық ойындар, конкурстар және флешмоб ұйымдастырылды.