«Мінез адам көрсеткіші»
Дата: 2023-05-30 16:24:59
«Мінез адам көрсеткіші»
ақпарат
Өткізілген күні:мамыр
Қатысқандар:8-9 сыныптар
Әдісі: әңгімелесу
Мақсаты:адам мінезін жақсы және жаман түрлерін ажырата білуге , адам бойындағы жаман мінездерді жою, жақсы мінездерін ізгілікке дамыту.
Мамыр айында жоғары сыныптардың арасында «Мінез адам көрсеткіші» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Іс-шарада мынандай жұмыстар жасалды.
-
Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау:Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.
Мысалы:Мен ақылды–Айгүлмін.Ақкөңілмін,тез ашуланам.
Мен сымбатты-Сабирамын. -
«Мағынаны тану» ( сұрақтарға жауап беру)
• Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың? -
«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығы( постер қорғау)
-
«Шегенің ізі» видеороликті көріп өз ойларын ортаға салады.