Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.
Дата: 2023-02-09 11:25:58
2023 жылдың 1-7 ақпан аралығында 5 «а» сыныппен Lesson study тізбектелген 3 сабағы жүргізілді. Үш сабаққа тақырып пен оқу мақсаты ортақ. Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Оқу мақсаты: 5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау. Сабақтарда «Эстафета», «Ойлан, бөліс, топтас», «Миға шабуыл», «Тарсия» әдіс-тәсілдері қолданылды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан видео-сабақтар, wordwall, joyteka бағдарламалары пайдаланылды. Қорытынды сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артқаны көрінді.