11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақтың өткізілгені бойынша ақпарат

Дата: 2015-02-15 16:54:40
11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақтың өткізілгені бойынша ақпарат

Қатысушылар:11 - сынып оқушылары

Тренинг - сабақтың мақсаты:ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту.

1 - жаттығу.

Мақсаты: Психологиялық қысымнан арылту.

2 - жаттығу. «Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу»

Мақсаты: Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдары.

  Қандай кедергіге тап болдыңдар, ол не нәрсе, оны қалай жеңдің? Қолыңда қандай да бір зат болды ма? Немен шықтың?

Оқушылар ну ормандағы кездесетін кедергіні дұрыс таңдай отырып, кедергіден құтылу жолында дұрыс ұйымдастырған.

3 - жаттығу. «Поезд» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыларды сергіту, көңіл - күйлерін көтеру.

Шеңбер бойымен 1, 2 - ге саналамыз. 1нөмірлер - 1 шапалақ, 2 аяқпен топылдатады. 2 нөмірдегілер - 2 шапалақ, 1 аяқпен топылдатады. Поездің жүрісі, дыбысын шығарғанға дейін жаттығуды жасайды.

3 жаттығу барысында оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, сергіп қалды.