Lesson Study
Дата: 2023-01-19 12:00:37
Lesson Study арқылы
6-сынып оқушыларының тарих сабағындағы айтылым дағдысын жетілдіруде диалогтік оқытудың тиімділігі»
Зерттеу мақсатым: Оқушылардың айтылым дағдыларын диалогтік оқыту арқылы ойын ашық, толық, нақты жеткізе білуге қалыптастыру және сол арқылы білім сапасын көтеру. Мен осы сабақтарымда әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдірдім. Мысалы айтатын болсам «Тұлғаны таны», Топтық тапсырма (постер қорғау),«Ойлан – жұптас – бөліс»Жұптық жұмыс,«Ашық микрофон»«Жариялау» осындай әртүрлі әдістерді қолдану арқылы оқушылардың зейіні тұрақтала бастады. Бір- бірімен қарым- қатынас жасауға,тыңдауға машықтанды. Сонымен қатар айтылым дағдылары қалыптаса бастады. Lesson Study зерттеуінің бір ыңғайлы және тиімді жері оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткіу үшін бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы тиімді қадамдар жасауға болатынына көз жеткіздім.