Қыпшақ хандығы

Дата: 2023-01-19 11:55:06
Қыпшақ хандығы

Ойлау оңай, әрекет қиын,

ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе.
И. Гете.

Қазіргі уақытта әрбір педагог өз білімін шыңдауды, дамытуды басты мақсатқа қойған.Себебі білім бір орнында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отыр. Әр күн сайын біз білі саласында болып жатқан жаңа ашулар мен жаңалықтарды көріп, біліп қолданып жатамыз.

Сол жаңалықтың бірі –жаңашыл тәсіл- Lesson Studу. Lesson Studу- мұғалімдердің тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсілі.

Қараағанды облысы білім басқарамасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ  тарих пәні мұғаліміпедагог-сарапшы Шолакова Лаззат Бодыковнаның ұйымдастыруымен 6 «Б» сыныбында Lesson Studу  сабақты зерттеу болып өтті.

Сабақты зерттеу мақсаты: Тарих сабағындағы айтылым дағдысын әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қалыптастыру. Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы. Сабақтың мақсаты:Х ғ басы ХІІІ ғасырлар арасындағы – ертедегі түркі мемлекеттерінің даму ерекшеліктерін түсіндіру және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашу;

 

    «№24 мектеп-интернатында»шығармашыл топ құрылған, топ құрамында мектептің педагог зерттеуші мен педагог сарапшы ұстаздары. Шығармашыл топ Lesson Studу –ге сабақты жоспарлап, оқыту, қадағалау оқыту мен оқуды талдау жасап, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды толтырып,бірлесежұмыс жасады.Lesson Studу-дің циклін өткізгеннен соң мұғалімдер арасында педагогикалық кеңесте сабақтан кейінтаныстырылым арқылы рефлексиялық есебін өткізіп, баспаға жариялап әріптестерімен бөлісті.