«Ойлы болсаң, озып көр».

Дата: 2023-01-11 11:53:08
«Ойлы болсаң, озып көр».

Балқаш қаласы «№24 мектеп-интернаты» КММ – сінде қысқы демалыс жоспарына сәйкес 3А сыныпта «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік ойыны өтті. Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлеуге,  білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқушылар ойынды екі командаға бөлініп,топ атауларын қорғаудан бастап, әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріліп отырды.  Жұмбақ шешу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің тарапынан қосымша жұмбақтар жасырды.

Сабақ өте көңілді,әрі қызықты өтті. Сайыс соңында әр топ жинаған жұлдызшаларын санап, ең көп жұлдызша алған топ жеңімпаз атанды.