«Жалпыға ортақ білім беру қоры»
Date: 2022-12-09 12:06:44
Асхана жұмысы бойынша мәлімет.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Сынып жетекшілерімен комиссия құрамының айрықша бақылауымен «Жалпыға ортақ білім беру қоры» есебінен тегінтамақтануға құқығы бар әлеуметтік осал топ отбасыларында тәрбиеленііп отырған, қамқорлықтағы балалар және де арнаулы әлеуметтік көмек алатын 12 оқушы тамақтандырылады. Сонымен қатар,мемлекеттік бюджеттен 1-4 сынып93оқушы толығымен қамтылды.
Күнделікті білім алушыларға дайындалған тағамның мәзірге сәйкес. Алынатын азық-түлік өнімдерінің сапалы және отандық тауар болуын бақылауға алу, мектеп асханасында тыйым салынған азық-түліктердің сатылмауына бақылау жасап, барлық азық-түліктің сертификатының болуын қадағалау, дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін оқушыларды тамақтандыру рационына енгізілуі қадағаланып отыр.
Мектеп бракераждық комиссияның жұмысына жүйелі бақылауды жүзеге асыру (күн сайын әзірленген дайын тамақтың сапасын, тамақтың дайындалу кезіндегі тазалықтың сақталуы, оның бірқалыпты ыстық күйде болуын, тағамның, өлшемі мен дайындалу технологиясының бекітілген ас мәзіріне сай болуы) мектеп медбикесі басты назарда ұстауда.
Тамақтану шараларымен қамтылған оқушылардың күнбе-күн нақты санын шығарылып, жасалған жұмыстар туралым мәліметтер ай сайын жасалып отыр..