«Абай жолы» 1-кітабының «Қайтқанда» бөлімі
Дата: 2022-10-14 12:32:31
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 сынып оқушыларымен «Абай жолы» 1-кітабының «Қайтқанда» бөлімін оқып талдау жүргіздік. Бұл бөлімде қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт Абайдың өмір жолын, шығармашылық қыр-сырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық қарым-қатынастарды терең түсініу үшін оқушыларға толық ақпарат берілді.
«Абай жолы» қазақ өмірінің айнасы, ол төрт том арқылы бүкіл дүние жүзіне қазақтың кім екенін танытты. Заңғар жазушы әрбір қазақтың бойында ұлттық мақтаныш сезімін оятады, туған жерге, ана тілімізге деген құштарлықты, отансүйгіштік елдің ертеңгі күніне сенімімізді арттырады. Алдағы уақытта эпопеяның қалған тарауларын толық оқып талқылау, басты мақсатымыз деп ойлаймыз.