МЕКТЕП ФОРМАСЫ. ШКОЛЬНАЯ ФОРМА
Құрметті ата-аналар!
"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ Сіздің назарыңызға орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес қала бойынша мектеп формасы бірыңғай түсті гаммада – қара көк түсте болатындығын жеткізеді.
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка).
Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.