«Балақайлар» мектебі мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді бірте-бірте және мұқият мектепте оқуға дайындауда өз жүмысын бастап кеткен болатын.

Дата: 2022-08-24 00:03:28

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ     «Балақайлар»  мектебі мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді бірте-бірте және мұқият мектепте оқуға дайындауда өз жүмысын бастап кеткен болатын. Дайындық барысында сөйлеуді дамыту, оқу, жазу,  қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру  , қол моторикасын және ой-қиялдарын дамыту бойынша сурет салу, мүсіндеу, аппликация, құрастыру ұйымдастырылған оқу  түрлері жүргізілуде.  Сабақ барысында оқушылар әр түрлі  тапсырмаларды орындай отырып, топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін ұстай білуге бейімделуде. Әрине бұл  дайындық барсысында жүйелі жұмыс істеудің  тиімділігі деп білеміз.