Мемлекеттік қызмет көрсету есебі 2021 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы №564 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы». Үкіметтің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімі, білім беру қағидаларына сәйкес, Балқашқаласы білім бөлімінің « №24мектеп-интернаты» КММ мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (жауапты Үміт Б.Б хатшы);
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау (жауапты-Маулетова И.О директордың оқу ісі жөнінідегі орынбасары);
3.Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (жауапты Болат Ү.Б хатшы);
4.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну» (жауапты әлеуметтік-педагог Хасенова А.О)
5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау (жауапты «Айбөбек»- шағын орталығының әдіскері Серикова Э.К)
Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ғадейін түскі үзіліспен, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Халықты ақпараттандыру үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары бар.
Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметті уақтылы ұсыну;
5) әдептілік және сыпайылық.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту, оларды көрсету мерзімін бұзу болған жоқ. Шағымдар түскен жоқ.