«Қазақстанның болашақ ұландары!»
Дата: 2022-04-19 09:25:41
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-інде «Қазақстанның болашақ ұландары!» атты мектеп күніне арналған сыныптан тыс іс – шара болып өтті. Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберінде жұмыс жасайтын «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органдары білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылада білім беру үдерісіне әсер ете алады. Сондықтан парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны. Мектеп парламентінің президенті мен депутаттары мектептегі 8 фракцияның атқарған жұмыстарымен таныстыра отырып, мектепішілік «Шарапат KZ» газетінің тілшілері «Спорт және салауатты өмір салты фракциясының» жұмысына тоқталып, саяхат жасады.