"Менің таңдауым - менің болашағым!"
Дата: 2022-02-14 15:08:40
Қалалық "Менің таңдауым - менің болашағым!" атты акциясының ІІ кезеңі бойынша 8-9 оқушыларымен мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру мақсатында ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының қызметкерлерімен ZOOM арқылы онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқу орнының оқуға қабылдау кезеңдері мен жеңілдіктері және шарттарымен таныстырылды.
Мамандық таңдау - жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан да, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.