«Не?, Қайда?, Қашан?»
Дата: 2022-02-14 11:04:28
Құқық апталығы аясында ақпанның 8 күні «Не?, Қайда?, Қашан?» тақырыбында 3 «А» сынып оқушыларына арналған танымдық сағаты өткізілді. Сабақ басында оқушыларға «Құқық» тақырыбында мультфильмдер көрсетілді. Оқушылар әр түрлі жағдаяттарды шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Үйден дайындап келген «Құқық» тақырыбындағы суреттерін пайдалана отырып, құқық деген түсінікті қалай түсінетіндерін ортаға шығып қорғады. Балалар сынып сағаты барысында керекті және жаңа көп ақпарат алды.