«Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі»
Дата: 2022-01-14 09:02:22
23 қараша күні №24 мектеп – интернатында Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға сонымен қатар құндылық бағдарын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс – шаралар өтті. Мектеп фойесінде ақпараттық стенд ұйымдастырылып, сыныптарда ақпараттық сағаттар жүргізілді. 7 Ә сыныбында «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» атты дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелге барлық оқушы белсене қатысты. Басты мақсаты оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтардың мағынасын ашып,өз бетінше ойын жеткізуді үйрету. Дөңгелек үстел барысында шығармашылық жұмыстар орындалып, видеоролик тамашалап, оқушылар өз ойларын айқын жеткізе білді.