Бала және компьютер

Дата: 2014-10-28 04:36:06
Бала және компьютер

Бала біржарым жасқа келгеннен бастап оған ақпарат беруге болады. Бала әлі кішкентай сол себепті ол қарапайым ойындарды да орындай алмайды. Оған пернетақтаны басу арқылы әкранда ауысатын суреттер бар ойынды қосуға болады. Сіздер бұның бәрі не үшін деп ойлайсыздар. Бірақ бұл баланың қол маторикасын дамытады. Бұл ойыншықты алып жай лақтырып сыныпқалғанын көру емес, пернені басып экрандағы суреттің ауысуын бақылайды. Осы жаста баламен бірге компьютерден сурттер көруге болады. Осы суреттердің көмегімен бала қоршаған ортаның элементтерімен танысады. Иә сіздер балаға компьютер зиянды дейсіздер, бірақ осы жастағы балалар теледидар алдынан шықпадығой. Компьютер алдында да, теледидар алдында да балаға ұзақ уақыт отыруға болмайды.

 Үш жасқа келген балалармен компьютерлік ойындарды таныстыруға болады. Ойындарды жасап шығаратындар балаларға ойлау қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін арттыратын ойындар жасайды. Ойын барысында бала әдеттегі жағдайларды жаңа кейіпте көреді, ойланады, өзі алға басып орындайды.

Бала компьютердегі суреттер мен гейіпкерлердің жалған екенін түсінеді. Жасы ұлғайған сайын баланың ойындары да күрделене түседі. Суреттердің орнына кестелер, схемалар, сөздер шығады. Ойын барысында бала логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.

Ойын барысында балалар өз кейіпкерлерінің аттарын жаттайды, сызба бойынша тапсырмаларды орындайды. Сөйтіп баланың жадына сақтау қабілеттері артады. Алдын ала ойлау дағдылары қалыптасады.

Ата-аналардың көбі көмпьютерлік ойындарға қарсы. Иә, егер бала күні бойы компьютердің үстінен түспесе, бұл сұмдық. Егер балаға дұрыс ойындар таңдап, белгілі уақыт мерзімін берсе, бұл балаға көп көмек болады. Компьютерлік ойындар барысында баланың қол моторикасы дамыйды, олар пернелерді басып, экрандағы ауысқан суреттерді бақылайды.

Компьютерлік ойындар баланың ойын, ойлау қабілетін, зейінін дамытады. Баланы психологиялық мектепке баруға дайындайды.