«Оқуға құштар мектеп»
Дата: 2021-11-10 14:06:14
Республикалық «Оқуға құштар мектеп» және облыстық «Оқырман отбасы» жобаларын іске асыру, оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын ояту мақсатында 7 сынып оқушылармен «Кітаппен дос болайық» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Топқа бөлінген 7 «А» сынып оқушылары «Таныстыру», «Тестпен жұмыс», «Мәтінмен жұмыс» кезеңдерінен өтті. «Таныстыру» кезеңі бойынша қатысушылар өздерін оқыған кітаптағы кейіпкердің жағымды мінезі арқылы таныстырды. «Тестпен жұмыс» кезеңінде сұрақтарға жауап берді. «Мәтінмен жұмыс» кезеңінде берілген мәтінді оқу арқылы қандай кітап екенін және кейіпкерлерді тапты.
Жұмыстарды қорытындылау барысында І орынды – «Ұшқыр ой» тобы, ІІ орынды – «Келешек», ІІІ орынды – «Айқын» тобы жеңіп алды.