Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтама.
Дата: 2021-10-12 14:30:45
Мектебімізде 2021-2022 оқу жылында 1А сыныбында 9 оқушы бар. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда.
Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, сынып жетекшілерін ата-аналарынан кейінгі екінші орынға қояды, жақсы көреді.Сынып жетекшілері оқушылармен сенбі, жексенбіден басқа апта күндерінің бәрінде түске дейін бірге болады.Оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.
Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.
Эмоциялық жағдайы
1. Мұғаліммен тілдесуі өте жақсы- 5 оқушы жақсы- 3 оқушы орташа- 1 оқушы
2. Мектепке келуі Көңілді- 9 оқушы
3. Сабақта өте жақсы- оқушы жақсы- 2 оқушы орташа- 2 оқушы
4. Құрдастарымен қарым-қатынасы Жақсы- 9 оқушы
5. Үйге қайту Көңілді- 9 оқушы
Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, , сабақ барысында кемінде бір немесе екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға қадағалу бар.Ұсыныс: ата-анамен сынып жетекші тығыз қарым –қатынасты жақсарту. Ата-аналар жиналысы қыркүйек айында 1 рет өткізілген. Ата-аналардан бала мен қарым-қатынасы, баласының сабағына көңіл бөлуі туралы жаднамалартаратылды. Нәтижесі: баламен қарым-қатынасы жақсы-100%, сабағына көңіл бөлуі: жақсы - 70%, орташа 30%.
Мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша қыркүйектің 15-27 аралығында бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау әкімшілік тарапынан жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.