26. 05 -02.06 аралығында №24 орта мектеп жанындағы «Балауса» жазғы демалу лагерінде өткізілген іс -шаралар туралы ақпарат
26-мамыр күні «Алақай жаз келді» атты ашылу салтанаты болды. Мерекеге жиналған оқушылар көңілді ойындар ойнап, асфальтта суреттер салып , әр түрлі эстафеталық жарыстарға қатысты.
«Кел дос болайық»танысу тренингі өткізілді. Тренинг оқушыларға өте қызықты болды, осы тренинг арқылы оқушылар өздеріне сенімді достар таба білді.Және достыққа деген шынайы сезімдері оянып , бір - бірін жақын тартып , дос үшін өзінің бар қолынан келген көмегін аямау кекретігі туралы толық мағлұмат алды.
«Ең үздік топ»спорттық ойындар өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
27-мамыр күні «Қызықты грамматика» логикалық ойындар өтті.Бұл іс- шараның мақсаты оқушыларды жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Оқушылар берілген тапсырмаларды белгілі бір минуттарда толық шешіп , келесі тапсырмаға жылдам көшіп, қай топ бірінші мәреге жететінін анықтау. Онда балалардың қиялын дамыту мақсатында түрлі ойындар ойнатылды. Балалар топқа бөлініп сөзжұмбақ шешті, сөз құрады т.б. қызықты тапсырмалар орындады. Балалар ойынға қызыға қатысты.
«Біздің желаяқ» жарысы өтті. Балалар жарысқа белсене қатысты. Бұл жарыста балалар ұжымшылдық танытып, жарысты қыздыра түсті.
28-мамыр күні «Менің қаламның тарихы» қалалық мұражайға саяхатқа шығып, мұражайдағы тарихи құндылықтар туралы толық мағлұмат алып ,мысты өңірдің тарихымен тереңірек танысып қайтты.
«Менің қалам» сурет салу сайысы. Бұл сайыста балалар мұражайдан алған әсерін қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар осы іс-шара балалардың сурет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырды.
«Салауатты өмір салтын қолдаймыз»спорттық жарысы Бұл іс-шараның мақсаты: балаларға салауатты өмір салтын насихаттау.Денсаулықтарын күтуге шақыру; Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
29 мамыр күні «Жұмбақтар сыр шертеді» атты зияткерлік ойыны болды.Ойынның мақсаты: балаларға халық ауыз әдебиетін насихаттау; қиялын,ойлау қабілетін дамыту. Бұл сайыста балалар тапқырлығымен көзге түсті.Сайыс тартымды әрі көңілді өтті.
«Кел билейік»би жарысы. Мақсаты: балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру; эстетикалық талғамдарын дамыту.
Би жарысында балалар әр ұлттың биін жарыса билеп, бір-бірінен қалыспауға тырысты.Жарыс сонынан жақсы өнер көрсеткен балаға тәтті сый(шоколад) берілді.
«Толағай» спорттық жарыс. Мақсаты: балалардың денсаулықтарын шынықтыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру; ұжымшылдыққа баулу. Жарыста балалар кенгіру, шегіртке, мерген т.б. ойын түрлеріне белсене қатысты. Ойын өте қызықты өтті.
30 мамыркүні «Ертегілер еліне саяхат» сахналық қойылым.
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету; Сахналап беруге талпындыру; Ойлау,еске сақтау қабылеттерін қалыптастыру;ауыз екі сөйлеу тілін дамыту.
Бұл іс-шараға балалар белсене қатысты. Ертегіні сахналауда ертегінің әр кейіпкерін дұрыс ойнауға тырысты. Әсіресе жан-жануарларды ойнағанда бар өнерлерін ортаға салды.
«Қандай көркем, туған өлкем» табиғат аясына саяхат. Балалар көкке шығып , онда әртүрлі ойындар ойнады.
«Мен құтқарушымын»қимылдық ойындар.
Мақсаты: балаларға әртүрлі қиын сәттерде жол тауып шығуды насихаттау; бір-біріне көмектесуге шақыру; ұжымшылдыққа баулу.
Балалар бұл ойынға қызығушылықпен қатысты. Осы ойын арқылы әр бала өзін құтқарушыдай сезінді және әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарады.
02 маусым күні «Жаз аруы» атты қыздар арасында сайыс өтті.
Мақсаты: Әдептілікке, сыпайылыққа,кішіпейілдікке,өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. Ойлау ,есте сақтау қабылеттерін , қиялын , тілін дамыту.
Бұл балалар үшін үлкен мереке болды. Себебі іс-шараға қатысқан әр қыз бала өзін ханшайым сезінді.Ал ұлдар болса өздерін әділ қазы ретінде сезініп,әділ бағаларын беріп отырды. Іс-шара соңында жеңімпаз атанып,тәтті сыйлықпен марапатталды. Іс-шара өте қызықты өтті.
«Кім жылдам»қимылдық ойындар.
Мақсаты: оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру.
Бұл ойында балалар ұжымшылдық танытып, өте қызықты ойын көрсете білді.