«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
Дата: 2021-03-16 10:14:55
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ -де «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында 9-11 сынып оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы сауалнамаға қатысты.
Мақсаты: оқушыларды құқықты сауатты болуға үйрету, сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.
Мектеп психологы Абдраимова Л.Б оқушыларға «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты бейнефильм көрсетті.Бейнефильмнен кейін оқушылар өз түсініктерін ортаға салды. Соңынан сауалнамаға жауап берді. Сауалнама қортындысы бойынша мектепте сыбайлас жемқорлықтың жоқ екендігі анықталды.
Қатысқан оқушылар саны: 29 оқушы