Размер шрифта:

Ата-аналар назарына!

Дата: 2020-11-15 16:42:04

 

  Құрметті ата-аналар! Балқаш қаласының бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылғы 23 қазандағы № 24 қаулысының 4 тармақшасының 2-тармағын орындау мақсатында «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ кезекші сыныптарда оқитын, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарына, үйірме мен секцияларға баратын балалардың 1, 2 ауысым сабақ кестесіне сәйкес, құрал-жабдықтарының (мектеп сөмкесі, спорттық форма және т.б.) бар болған жағдайында ересектердің сүйемелдеуінсіз қозғалысына рұқсат етіледі. Алаңдарда, аллеяларда, ойын алаңдарында және көшелерде кәмелетке толмағандардың мақсатсыз қозғалуы жағдайында ата-аналарға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады.