Ата-аналарға жыдынама: Балаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!

Date: 2020-05-28 23:40:00
Ата-аналарға жыдынама: Балаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!

 

Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларына Құқық қорғау органдарының деректері бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қатысты қылмыстардың өсуі байқалады (44-тен 58-ге дейін немесе 32% - ға дейін). Балаларды зорлау (+100%), жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері (+14%), жас балаларды азғындық жолға түсіру (+160%) фактілерін тіркеу өсуде. Баяндалғандар кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін куәландырады. Карантин кезеңінде және жазғы демалыста жауапты мемлекеттік органдардың алдын ару шараларын жандандыруын талап етеді. Осыған байланысты: - кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алу мәселесін тұрақты бақылауда ұстау; - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту; - білім беру ұйымдарындының сайттарында қосымшада берілген жадынамаларды орналастыру, ата-аналар WhatsApp чаттарына жолдау; Атқарылған жұмыс туралы ағымдағы жылдың 28 мамырына дейін растайтын материалдарды (фото, веб-беттердің сілтемелері және т.б.) қоса бере отырып хабарлансын. Қосымша: 3 парақта, жадынама мемлекеттік және орыс тілінде. Басшы Е. Имангалиев Орынд.: Е.Б Әбдірәсіл Тел. 41 22 41

Author: School №24