Билимал - электрондық орта

Дата: 2020-01-23 17:30:26
Билимал - электрондық орта

БІЛІМ БЕРУ КҮНДЕЛІГІ

Балаңыздың жетістіктері туралы әрдайым хабардар болыңыз

Электронды күнделік арқылы балаңыздың бір аптада алған бағалары сіздің электрондық поштаңызға келеді. 

Ыңғайлылығыңыз үшін 24/7 режимінде әлемнің кез-келген нүктесінде қолжетімді 
Edu-mark мобильді қосымшасы әзірленді. 
Мұғалім бекіткен матриалды қарау/игеру, үлгерім туралы ақпараттық жіберілімі - жүйенің сөзсіз артықшылығы. 

Әрбір пән бойынша үлгерім динамикасын көрсете отыра, қосымша тоқсандық бағаның болжамын жасайды.

МОНИТОРИНГТІК КАРТАЛАР

Білім берудің жаңа сапасы

Енді кез-келген уақытта әрбір оқушының үлгерімі туралы ақпаратты алуға болады. Жүйеге енгізілген ағымдық бағалардың негізінде жүйе үлгерім, білім сапасы, ОЖД көрсеткіштерін есептейді. Қосымша жеке жұмысты жүргізу арқылы «тартуды» қажет ететін оқушыларды анықтау мақсатында жүйеде «Білім сапасын жақсарту бағдарламасы» жүзеге асырылған.

БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Балаңызға сәтті болуға көмектесіңіз

БСЖБ мұғалімдерге, оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларына және ата-аналарға 1-3 пәннен бағаларын «тартуды» қажет ететін барлық балалардың аты-жөндерін хабарлайды. Сонымен қатар, ол қандай пәндер мен тақырыптарды қайта тапсыру керек екендігін көрсетеді. 

Сіз: «Баланы қинап, бағаларды не үшін көтеру керек?» деп сұрайсыз. 

«Ертең ҰБТ болғанда «Кім кінәлі?» және «Не істеу керек?» деген сұрақ қоймау үшін» деп біз жауап береміз.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ? ӨТЕ ОҢАЙ!

Біз оқу үрдісін қызықты етеміз

Оқу үрдісін қызықты ету үшін, біз мультимедиялық мүмкіндіктерді қостық. Сіздің балаңыз бейнесабақтарды, дәрістерді, презентацияларды және басқа да онлайн мүмкіндіктерді қолдана отырып оқи алады.

Online курстар өзімен бірге теориялық, мультимедиялық материалдарды, үлгерім нәтижесінің талдауын беретін онлайн тестілеуді қамтиды.

ҚАУЫМДАСТЫҚТАР

Online ата-аналар жиналысы

Жұмыс күнінен кейін мектепке барудың қажеті жоқ, ата-аналар жиналысын Bilimal порталында өткізіңіз. 

Ата-аналар қауымдастығын құрыңыз және сынып жетекшіден балаңыз туралы маңызды ақпаратты алыңыз.

БЛОГ АЛАҢЫ

Талқылауға қатыс

Bilimal арқылы басқа ата-аналармен балаларды тәрбиелеу туралы пікірлеріңізбен, тәжірибеңізбен, біліміңізбен бөлісіңіз.

Жоба туралы

Жаңалықтар

Бізге жазыңыз