Размер шрифта:

Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру

Дата: 2020-01-20 14:16:20

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізіледі.

Жарнаны кім қашан төлейді? МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек? Егер атыңызға жарна/аударым аударылған болса Сіз автоматты түрде МӘМС жүйесінің қатысушысы болып саналасыз. Өз мәртебеңіз туралы ақпаратты ЖСН арқылы медицина ұйымдарынан білуге болады.

 

Кезең

2018

2019

2020

2021

2022

Жұмыс берушілер

1.5%

1.5%

2%

2%

3%

ЖК/ШҚ

0%

0%

1,4 АЕК-тен 5%

1,4 АЕК-тің 5%

1,4 АЕК-тің 5%

Азаматтық-құқықтық сипаттағы физикалық тұлғалар

0%

0%

кірістің1%

кірістің 1%

кірістің 3%

Қызметкерлер

0%

0%

кірістің1%

кірістің 1%

кірістің 2%

Мемлекет

0%

0%

Орташа айлық жалақының 1,4%

ОАЖ 1,6%

ОАЖ  1,7

Дербес төлемшілер(өзге тұлғалар)

0%

0%

1 АЕК 5%

5% от 1МЗП

5% от 1МЗП

 

  Жеңілдік санатына кімдер кіреді? Егер Сіз төмендегі санаттардың біріне кіретін болсаңыз, жарна төлемейсіз, сіз үшін мемлекет төлейді (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап).

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
  2. Міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру көлемі

 

 

 

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі 

 

Міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Қазақстан азаматарының БАРЛЫҒЫНА қолжетімді болады. 

 

1.жедел медициналық көмек. 

2. санитариялық авиация.

3.алғашқы медициналық-санитарлық көмек. 

4. емханалардағы жалпы тәжірибе дәрігері, терапевт, педиатр көрсететін қызметтер.

5. жедел стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек. 

6.  паллиативті көмек (туберкулез, онкология, жантәсілім сатысындағы созылмалы аурулар, үнемі күтімді қажет ететін, өзін-өзі күте алмайтын тұлғаларға).

Әлеуметтік маңызды аурулар кезінде, созылмалы және қауіпті аурулар: 

1.    Кеңестік-диагностикалық көмек.

2.     Амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету.

3.     Жоспарлы стационарды алмастыратын және стационарлық көмек.

4.     Туберкулез кезінде медициналық оңалту.

САҚТАНДЫРЫЛҒАН азаматтарға көмек көрсетіледі: 

 

1.     Кеңестік-диагностикалық көмек:

ересектерді профилактиклаық тексеру

балаларға мамандандырылған көмек көрету.

Қымбат зертханалық қызметтер: гормондар, витаминдер, онкомаркерлер, антигендер,полимеразды тізбекті реакция.

Қымбат диагностикалық қызметтер: компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография және т.б.

2.     Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енбеген (ТМККК) ауруларды емдейтін амбулаторлық дәрілік заттармен қамтамасыз ету. 

3.     ТМККК енбеген ауруларды емдейтін стационарды алмастыратын көмек.

4.     ТМККК енбеген ауруларды емдейтін жоспарлы стационарлық көмек. 

5.     Балалар мен ересектерді: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салаларыбойыншамедициналықоңалту

 

 

ТМККК пакеті – Қазақстан азаматтарына тегін көрсетіледі. Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

МӘМС пакетіне тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енбеген қымбат, қосымша, жоғары стандартты қызмет түрлері кіреді. 

 

Бұдан бөлек, азаматтардың ЕРІКТІ медициналық сақтандыру алуға құқығы бар.