МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кімдер кіреді?
МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кімдер кіреді?
Егер Сіз төмендегі санаттардың біріне кіретін болсаңыз, жарна төлемейсіз, сіз үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет төлейді.
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға (баланың бір заңды өкілі);
5) бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедек баласын күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
8) сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда
9) тергеу изоляторында жатқан тұлғалар.
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері;
12) мүгедектер;
13) күндізгі оқу бөлімінде оқитын тұлғалар.
14) бала күнінен бірінші топ мүгедегін күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлға;
15) Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.