2020 жылдың 13 қаңтарында саптық жиын өтті. Саптық жиында Бурабай қаласындағы 28 - Халықаралық Болгар мемлекеттік олимпиадасының республикалық кезеңінің қатысушылары марапатталды.
Дата: 2020-01-15 17:34:52
2020 жылдың 13 қаңтарында саптық жиын өтті. Саптық жиында Бурабай қаласындағы 28 - Халықаралық Болгар мемлекеттік олимпиадасының республикалық кезеңінің қатысушылары марапатталды.
2020 жылғы қаңтардың 3-8 аралығында №17мектеп-лицейдің 9 оқушысы Ақмола облысының "Балдәурен" РОСО базасында 2-11 сынып оқушылары арасында математикадан "Черноризец Храбр" халықаралық Болгар мемлекеттік олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысқан болатын. Осы олимпиадада біздің оқушылар жас зияткерлер мен Гиннестің рекордтар кітабына енген мұғалім Муаммер Гюльмен кездескендері жайлы айтылды. Сонымен, № 17 мектеп-лицейінің ИНТЕЛЛЕКТУАЛ-2050 ЖФ-мен ынтымақтастығы аясында, Балқаш қаласының білім бөлімінің қолдауымен, Бурабай қаласындағы 28 - Халықаралық Болгар мемлекеттік олимпиадасының республикалық кезеңі қатысушыларының көптен күткен нәтижелері белгілі болды! Бірінші жүлделі орын, сондай -ақ көктемгі демалыс кезінде "Балдәурен" РОСО-да тегін 20 күндік жолдаманың бақытты иегері 4 Д сынып оқушысы -Қарайдарова Агиля; 2 орын- Ли Дарья, 4 Д сынып оқушысы, Мун Георгий, 3 Г сынып оқушысы, 3 орын-Захарченко Николай, 3 В сынып оқушысы иеленді. Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды! Жеңімпаздарды құттықтап, әсем ән шырқалды.