«Тәуелсіздігің – тұғырың, егемендігің - елдігің»

Дата: 2020-01-13 13:48:58
 «Тәуелсіздігің – тұғырың, егемендігің - елдігің»
Мектепте 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты арнайы іс - шаралар жоспары бекітілді. 13 желтоқсан күні
 «Тәуелсіздігің – тұғырың, егемендігің - елдігің» атты тақырыпта салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіздікпен еске алдық. Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні.
Автор: №17 ОМ