Размер шрифта:

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕ ТАБИҒАТТАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Дата: 2018-06-01 00:37:29
ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕ ТАБИҒАТТАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жаз басталысымен адамдар, әсіресе қалаларда тұратындар табиғатқа демалуға шығады. Көбінесе мұндай уақыт өткізу отта тағам дайындаусыз өтпейді, бұл орманда өрт қауіпті жағдайды туындатуы мүмкін.

 

Сондықтан, табиғатқа демалуға барғанда бірнеше ережелерді сақтау маңызды:

Құрғақ және желді ауа-райы кезінде от жағуға болмайды.

Кәуаптары дайындау кезінде отты үрлеп тұтандырғанда ұшқыны шөпке түсіп бақсып жана бастайтындығын есте сақтау керек.

Арнаулы көмірлер пайдалану ұсынылады, ал отты мангалда немесе грильде жандыру қажет.

Мангалдарды ғимараттар мен құрылыстардың жанында орнатпаңыз, төмен өсіп тұрған ағаштардың астында және бұталардың маңында от жақпаңыз.

Жанғыш сұйықтықтарды жағу үшін пайдаланбаңыз.

Отты жағу үшін ескі ошақ немесе арнайы жабдықталған орынды пайдаланыңыз. Егер ондайлар болмаса, онда оттың орынын күрекпен тазалаңыз және оны 50 сантиметр қашықтықта айнала қопсытып қазыңыз. Өсімдіктер жоқ тасты немесе құмды алаңдар от үшін мінсіз орын болып табылады.

Үлкен от жақпаңыз.

Отты қараусыз қалдырмаңыз.

Үйге кетер алдында отқа су құйып, оның бықсып жатпағанына көзіңізді жеткізіңіз. Ол үшін отқа су құйып сөндіру керек, көмірді аударыстырып, қайтадан су құйып, содан кейін көмірдің сөнгеніне көз жеткізу қажет.

Орманда жаяу серуендеген кезде шылым шекпеңіз. Темекі тұқылын тастаған кезде әсіресе құрғақ ауа райында орман өртінке әкеліп соғуы мүмкін. Тоқтайтын жерде темекі тұқылын мұқият сөндіру, балшыққа немесе құмға ұнтақтау немесе таптау керек.

Демалыс орнынан кетер алдында қоқысты жинап алыңыз (оны салуға алдын ала ыдыс дайындаңыз). Жарықшақтарға немесе бөтелкелерге ерекше көңіл бөлу қажет, олар күннің әсерімен линза сияқты істейді және қураған шөпті жандыруы мүмкін. Ешқашан орманда жанғыш материалдармен сіңдірілген шүберектерді қалдырмаңыз.

Табиғатта отпен мұқият болыңыздар!

Табиғаттағы демалыс бұл ережелерді сақтаудың арқасында денсаулыққа, қоршаған ортаға зиянға зиян келтірмей, сізге тек қана рақаттану әкеледі.
Өрт пайда болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына шұғыл соғу қажет!